Пайдаланушы орнату пакеттерінің сипаттарын қарап шығу және өзгерту

Барлығын жаю | Барлығын жию

Пайдаланушы орнату пакетін жасағаннан кейін, сипаттар терезесінде ол туралы жалпы ақпаратты көруге және орнату параметрлерін көрсетуге болады.

Пайдаланушы орнату пакетінің сипаттарын көру және өзгерту үшін:

  1. Консоль ағашында Басқару серверіҚосымшаҚашықтан орнатуОрнату пакеттері тармағын таңдаңыз.

    Басқару серверінде қолжетімді орнату пакеттерінің тізімі көрсетіледі.

  2. Орнату пакетінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Таңдалған орнату пакеті сипаттары терезесі ашылады.

  3. Келесі ақпарат көрсетіледі:
    • орнату пакетінің атауы;
    • пайдаланушы орнату пакетіне қапталған бағдарламаның атауы;
    • бағдарлама нұсқасы;
    • орнату пакетін жасау күні;
    • Басқару серверіндегі пайдаланушы орнату пакетіне апаратын жол;
    • орындалатын файлды іске қосу параметрлері.
  4. Келесі параметрлерді белгілеңіз:
    • орнату пакетінің атауы;
    • Қажетті жалпы жүйелік құрамдастарды орнату

      Бұл параметр, орнату пакетіне қосылған бағдарламаны Kaspersky Security Center таныған жағдайда ғана қолжетімді.

    • Орындалатын файлдың пәрмен жолы

      Бұл параметр тек "Лаборатория Касперского" бағдарламалары негізінде жасалмаған пакеттер үшін қолжетімді.

  5. Өзгерістерді сақтау үшін ОК немесе Қолдану түймесін басыңыз.

Жаңа параметрлер сақталды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Пайдаланушы орнату пакетін жасау

Басына оралу